Войти

Бір оқпен атылған екі қоян. Мемлекеттік облигациялар мәні

Экономикада қатардағы азаматтар түсіне бермейтін тағы бір ұғым бар. Ол «Облигациялар» деп аталады. Кезекті мақалада осыны қарапайым тілмен түсіндіруді жөн санадық.

Негізінен, біздің мемлекетіміз өз тұрғындарынан қарыз алады. Ол борышты мемлекет Қазақстан қор биржасында (KASE) облигациялар шығару арқылы тартады. Бұл облигацияларды «Мемлекеттік құнды қағаздар» деп атайды.

Алмас Чукин: Қазақстан көрпесіне қарай көсілуді үйрене ме? Алмас Чукин: Қазақстан көрпесіне қарай көсілуді үйрене ме?

Кәсіпкермен үкімет жариялаған экономикалық реформалардың жағдайы және геоса... →

Облигация – нақты бір мерзімге белгіленген кірістілігі бар қарыз қағазы. Оны қор биржасында тіркелген, қаржы тартуға ниеті бар кез-келген компания шығара алады. Ол үшін компания биржаның белгілі бір тәртібіне сай арнайы рәсімдерден (Проспект дайындап және тіркеу, т.б.) өтуі тиіс. Ал мемлекет атынан құнды қағазды ҚР Қаржы министрлігі шығарып отырады.

Ал енді «нақты бір мерзімге белгіленген кірістілігі бар қарыз қағазы дегенді қалай түсінеміз?» деген сұрақтың туындауы орынды. Мысалы, жылдық кірістілігі 12% болатын бір жылдық облигация деп айтылды делік. Демек, ол облигацияны миллион теңгеге сатып алсаңыз, онда бір жылдан кейін облигация өтелгенде сіз 1 120 000 теңге аласыз. Сонда миллион теңге облигацияның номиналды құны, ал 120 000 теңге купондық сыйақы болып есептеледі. Купон жылына бір рет, немесе тіпті екі рет төленуі мүмкін. Ол да облигация шарттарында бірден айтылады. Біз мысал келтірген облигация бойынша егер 6 ай сайын купон төленетін болса, онда сіз облигацияны алғаннан кейін жарты жыл өткенде 60 000 теңге, ал бір жылдан кейін тағы 60 000 теңге сыйақы аласыз. Сонда жылдық 12% кірістілік шығады.

Бір жылдық қана емес, 2, 3, 5, 10 тіпті 15 жылдық облигациялар да бар. Оларда көбіне бекітілген кірістілік жыл сайын төленіп отырады. Мысалы, бір миллион теңгеге 12% кірістілікпен 10 жылдық облигация алсаңыз, онда жыл сайын 120 000 теңгеден купондық сыйақы алып отырасыз. Ал өзіңіздің миллион теңгеңіз 10 жылдан кейін қайтады.

Бүгінде қор биржасында айналымда жүрген мемлекеттік облигациялардың көлемі 25,5 триллион теңгеге жеткен. Биыл бір айдағы орташа алып-сату көлемі 38 миллиард теңгені құрады. Облигацияларды бастапқы нарыққа Қаржы министрлігі шығарады. Ары қарай ол екінші нарыққа айналымға кетеді. Яғни, мемлекеттік құнды қағазды сатып алған инвестор оны биржада қайта сатуға, кепілге қоюға құқы бар. Осылай өз мерзімі біткенге дейін облигациялар инвесторлар арасында айналып жүреді.

Рубльдің әлсіреуі: Қазақстан үшін оң және теріс факторлар Рубльдің әлсіреуі: Қазақстан үшін оң және теріс факторлар

Ресей рублі доллар алдында әлсіздік танытты →

Облигациялар шығарудың екі ұтымды тұсы бар. Біріншісі – мемлекет сол арқылы бюджет дефицитін жабады. Еліміздің бюджеті дефициттік болып саналады. Ол дегеніміз - біздің бюджеттің кірісінен шығысы, яғни, тапқан ақшамыздан жұмсайтын ақшамыз көп. Осы жағымсыз айырмашылық дефицит деп аталады. Дефицитті жабу мақсатында мемлекет облигациялар шығарып, ішкі нарықтан қарыз алады. Мысалы, 2022 жылы Қаржы министрлігі облигациялар шығару арқылы 4,2 триллион теңге тарта білді. Ол былтырғы бюджет дефицитін жабуға толықтай жетті.

Ал екіншісі – құнды қағаздар нарығын дамыту. Мемлекетіміз құнды қағаздар нарығын дамытуға барынша мүдделі. Бұл біздің қаржы жүйесін күрделендіріп, оны жаңа сатыға шығара алады. Ал мемлекеттің қор биржасында ойыншы болуы облигациялардың тұрақтылығын жақсы қамтамасыз етеді. Себебі, мемлекет – ең сенімді эмитент (құнды қағаз шығарушы). Оның облигация бойынша міндеттемелеріне 100% кепілдік берілген. Демек, егер мемлекеттік облигацияны сатып алсаңыз, дүние төңкеріліп кетсе де, сіздің ақшаңыз купондық кірісімен бірге қайтып келеді.

Бұл әсіресе клиенттердің мол қаржысын ұстап отырған, тәуекелге барғысы келмейтін және инфляция деңгейінен жоғары болатын кірістілікке мұқтаж банк, сақтандыру компаниялары, зейнетақы активтерін басқару қоры сынды ірі қаржы институттарына өте қолайлы. Сенімділігімен қатар, қазіргі уақытта Қаржы министрлігі облигацияларының кірістілігі өте жақсы деңгейде болып отыр.

2023 жылдың 9 айында Қаржы министрлігі бастапқы нарыққа 4,9 триллион теңгеге облигациялардың 33 шығарылымын орналастырды. Кірістілік 11,5 пайыздан 17,78 пайызға дейін жетіп отырды. Бұл ретте, болашақта базалық ставканың түсуі күтіліп отырғандықтан, қазір қысқамерзімді, яғни 1-2 жылдың облигацияларың кірістілігі өте жоғары екенін айта кету керек. Бұл өз кезегінде инвесторлардың мемлекеттік құнды қағаздарға деген сұранысын арттырып отыр.

Қорытындыласақ, Қазақстан ғана емес, қаржы жүйесі дамыған көптеген ел мемлекеттік құнды қағаздар нарығын белсенді түрде дамытып келеді. Себебі, қарыздың құрылымында сыртқы қарыздан гөрі ішкі қарыздың басым болуы тұрақтылыққа оң ықпалын тигізеді. Мемлекет үшін халықаралық қорлардан валютада қарыз алып, оны артынан бюджеттен жырып төлегеннен гөрі, теңгеде есептелетін облигациялар арқылы ішкі нарықтан қарыз алу анағұрлым қауіпсіз болып есептеледі. Сәйкесінше, осы арқылы қор биржасына деген қызығушылық артып, отандық инвесторлардың үлкен шоғыры пайда болады.



Поделиться:

Смотрите также:

Аналитики S&P повысили прогнозы по росту ВВП и инфляции в РК на 2021 год
5 лет назад
ФОТО: © Depositphotos.com/Syda_Productions Свой ежедневный обзор рынков и бирж представляет аналитический центр Ассоциации финансистов Казахстана Валютный рынок Пара USDKZT к концу прошлой недели умеренно снижалась, отыгрывая дальнейше...
2023 жыл қорытындысы: қазақстандықтар инфляция мен аз табыстан қорқады
2 года назад
2023 жылғы 11-16 желтоқсан аралығында Demoscope  қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен, Paperlab зерттеу орталығымен бірлесіп азаматтар арасында «Қазақстанның қазіргі жағдайына баға беру және жы...
Тенге уступил позиции доллару
5 лет назад
ФОТО: © Depositphotos.com\schankz При этом сырьевой фактор вполне позитивен. Валютный сектор может балансировать сам себя, в том числе и при участии Нацбанка Казахстана, а также ориентироваться на внешний фон, где настроения несколько ухудшились...
PMI покупает Swedish Match за $16 млрд и ускоряет переход к «Будущему без дыма»
4 года назад
PMI покупает Swedish Match за $16 млрд и ускоряет переход к «Будущему без дыма» ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 08 ноября 2022 Сделка сделает Philip Morris International одни...
За первое полугодие индекс KASE просел на 27%, AIXQI – на 31%
4 года назад
За первое полугодие индекс KASE просел на 27%, AIXQI – на 31% ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 22 июля 2022 Аналитический центр АФК представил обзор рынка ценных бумаг Казахст...
Чистая прибыль казахстанских банков в 2023 году выросла на половину
2 года назад
Агентство РК по регулированию и развитию финансового рынка подвело итоги казахстанского банковского сектора за 2023 год. Напомним, что в Казахстане работает 21 банк второго уровня, из которых 11 банков - с иностранным участием, в том числе восемь доч...
Когда доставят и установят два новых причальных устройства для КТК
9 месяцев назад
Министр энергетики Ерлан Аккенженов в кулуарах мажилиса в среду, 28 января, отметил, что Каспийский трубопроводный консорциум ведет отгрузку нефти через два выносных причальных устройства (ВПУ) № 1 и № 3. «В&n...
Минфин РК планирует увеличить заимствование на внутреннем рынке
4 года назад
Минфин РК планирует увеличить заимствование на внутреннем рынке ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 11 мая 2022 Планируемый объём заимствований вырастет до 380 млрд тенге с 290 м...
➤