Войти

Орталық депозитарий: қосалқы шоттар саны 221 мыңға жетті

Орталық депозитарий: қосалқы шоттар саны 221 мыңға жетті

09 июня 2022 «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (Орталық депозитарий) 2021 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша жылдық есебін жария етті ФОТО: © Depositphotos/bacho123456

Онда Орталық депозитарийдің 2022–2024 жылдарға арналған даму векторын анықтайтын стратегиялық құжаттар туралы ақпарат ұсынылған. Бұл құжаттардың бірқатары бүгінгі таңда қабылданған, ал енді бірі – әлі де әзірлік үстінде, деп хабарлайды «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі».

Әбілқасымова сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту, банк қызметі жөніндегі заң жобасын ұсынды Әбілқасымова сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту, банк қызметі жөніндегі заң жобасын ұсынды

2022 жылғы 9 маусымда ҚР парламенті сенатының отырысында ҚР Қаржы нарығын р... →

Айта кетейік, Орталық депозитарий жария еткен мәліметтерге сай, былтырдан бері еліміздегі депозитарлық қызметтер бойынша негізгі көрсеткіштер сенімді түрде өсіп келеді.

Мысалға, 2021 жылы Орталық депозитарийде қызмет көрсетуге қабылданған номиналды ұстаудағы активтердің ауқымы 25%-ға, яғни 105,1 трлн теңгеге дейін (2020 жылы +28%), ал ашылған қосалқы шоттардың саны 62%-ға, яғни 221 мыңға дейін (2020 жылы +13%) ұлғайған.

Сол сияқты, бағалы қағаздар эмиссиясының саны 142-ге, яғни 1 316 атауға дейін артса (2020 жылы +13), өңделген транзакциялар саны 84%-ға өсіп, 654 мың транзакцияға дейін жеткен (2020 жылы +46%).

Бұдан бөлек, Орталық депозитарийдің комплаенс-жүйесін жетілдіру барысында 2021 жылы кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы (КЖ/ТҚҚ) ұлттық және халықаралық заңнама талаптарына сай қаржы мониторингіне жататын операцияларды анықтауға арналған Anti-money laundering (AML) жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды, деп хабарлайды «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі».

Айтқандай, қор нарығында икемді инфрақұрылымды қалыптастыру мақсатында Орталық депозитарийдің 2022–2024 жылдарға арналған Даму стратегиясында: депозитарлық қызмет, бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын ұстаушылар тізімі жүйесін жүргізу, банктік операциялардың жекелеген түрлері, бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығында сауда-саттықты ұйымдастыру, корпоративтік әрекеттер хабы, қызметтердің экожүйесін дамыту сынды негізгі алты бағыт бөліп көрсетілген.

Сонымен қатар, Орталық депозитарий тәуекелдерді басқару және ақпараттық қауіпсіздік пен үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мәселелерін алдағы уақытта да ұдайы назарда ұстамақ.

Подписывайтесь на нас в Google News : Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter 8187 просмотров Поделиться этой публикацией в соцсетях: Об авторе: Тақырып бойынша мақалалар Бизнеске негізделген қайырымдылық Бизнеске негізделген қайырымдылық Мамырдағы инфляция бәрібір жоғары Мамырдағы инфляция бәрібір жоғары Жоғары рейтинг бәсекеге қабілеттілікті арттырады Жоғары рейтинг бәсекеге қабілеттілікті арттырады БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды
Әбілқасымова сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту, банк қызметі жөніндегі заң жобасын ұсынды Әбілқасымова сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын дамыту, банк қызметі жөніндегі заң жобасын ұсынды

2022 жылғы 9 маусымда ҚР парламенті сенатының отырысында ҚР Қаржы нарығын р... →

Поделиться:

Смотрите также:

Зачем криптомиллиардер Бэнкман-Фрид скупает биржи-банкроты
4 года назад
Зачем криптомиллиардер Бэнкман-Фрид скупает биржи-банкроты ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 08 июля 2022 Все в криптомире задаются вопросом: достиг ли рынок дна? С ноября объе...
FlyArystan отделили от Air Astana
2 года назад
Лоукостер FlyArystan отделили от авиакомпании Air Astana. Об этом на брифинге сообщил директор департамента приватизации и реструктуризации активов АО «Самрук-Казына» Дастан Адиходжаев, передает Kazinform. – Ранее FlyArystan был структурным подраздел...
Знакомство с производственно-логистическим центром RG Brands
2 года назад
Мы направляемся в поселок Аксенгир, что в 30 километрах от центра Алматы – здесь находится одноименный производственно-логистический центр RG Brands. Преодолев контрольно-пропускной пункт, видим множество грузовиков и погрузчиков, заполненных палетам...
«КазМунайГаз» ввёл в эксплуатацию новое месторождение
2 года назад
4 декабря «КазМунайГаз» ввел в промышленную эксплуатацию месторождение Восточный Урихтау, расположенное в Мугалжарском районе Актюбинской области. Как сообщили в КМГ, нефтегазовое месторождение Восточный Урихтау было открыто в 2015 году. Оцениваемые ...
К концу рабочей недели тенге заметно поддался давлению доллара
4 года назад
К концу рабочей недели тенге заметно поддался давлению доллара ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 15 апреля 2022 На KASE завершились торги по иностранным валютам ...
Тенге развернулся вслед за нефтью
5 лет назад
ФОТО: © Depositphotos.com/selensergen Нефть в плюсе, и рынок предпочитает опираться на хорошие новости. Баррель Brent стоит $83,85 и может двигаться в пределах $83-84. При пробое верхней границы этого диапазона, а она совсем близко, дальняя цель ...
ForteBank и DAR расширяют экосистему продуктов для бизнеса
2 года назад
ForteBank и DAR расширяют экосистему продуктов для бизнеса Экономика и бизнес 21 февраля 2024 2299 Основной целью стра...
Акимат Астаны получит 35 млрд тенге от приватизированных по комплексному плану активов
2 года назад
ФНБ «Самрук-Казына» направит акимату Астаны 35,03 млрд тенге из средств, поступивших от передачи в конкурентную среду активов по комплексному плану приватизации на 2021–2025 годы. Такое решение 19&nb...
➤