Войти

Астық нарығындағы дилемма

Қазақстан бүгінде әлемдегі ең ірі астық өндіруші елдердің қатарында. Алайда теңізге тікелей шыға алмауы елдің аграрлық саласы үшін ерекше сын-қатерлер туғызады. Бізді кейде «теңізі жоқ арал» деп атайды, мұнымен келіспеске амал жоқ.

Қазақстанда өндірілетін бидай мен ұн теміржол немесе автокөлік арқылы жеткізіледі. Теңіз жолдарын пайдалана алмаймыз, бұл сауда бағыттарын шектеп, бизнестің икемділігін төмендетеді.

Экспорт статистикасына зер салсақ, Қазақстаннан бидай мен ұн экспортының шамамен 80%-ы үш елге — Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға тиесілі.

Өнімді басқа нарықтарға жеткізу баяу жүріп жатыр. Мемлекет қолдауының арқасында Қазақстан тасымалдау шығындарының бір бөлігін субсидиялап, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс сияқты алыс бағыттарға шығуға мүмкіндік алды. Алайда бұл мәселенің негізінде сұраныс құрылымы мен логистикалық шектеулер жатыр.

Өндіріс: әлеует пен тәуекелдер

Әрбір фермер үшін басты мақсат — өнімділікті арттырып, табысын көбейту. Оған төрт негізгі фактор ықпал етеді: ылғал, тыңайтқыштар, сапалы тұқым және топырақты жағымсыз әсерлерден қорғау. Бұл бағыттардың барлығында Қазақстанның әлеуеті зор.

Дегенмен біз тәуекелі жоғары егіншілік аймағында тұрамыз. Құрғақшылық орын алған жылдары («hot & dry») көз жеткізгеніміздей, жауын-шашынның және тыңайтқыштардың жетіспеушілігі мен суармалы жерлердің шектеулі болуын ешбір технология толықтыра алмайды. Құрғақшылық жылдары өнімділік сөзсіз төмендейді. Әйтсе де қауіп-қатерді азайту мүмкіндігі жоқ емес: егер жоғарыда айтылған төрт фактордың әрқайсысымен жүйелі жұмыс жүргізілсе.

Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі

Өнімнің көп болуы — өндіруші үшін жақсы сияқты көрінеді. Бірақ ішкі тұтыну деңгейі өзгермейтіндіктен, артық өнімді экспорттау қажет. Бұл жерде мәселе қайтадан ернеуі тар сауда бағыттары мен логистикаға келіп тіреледі. Соның салдарынан «сатып алушы нарығы» қалыптасады: бағаны енді өндіруші емес, сатып алушы белгілейді.

Кейде парадокс туындайды: төмен өнімділік фермер үшін пайдалырақ болуы мүмкін. Мысалы, қуаңшылық жылы 1 гектардан 10 центнер жинап, тоннасын 150 мың теңгеден сатқан фермердің табысы, 15 центнер жинап, 65 мың теңгеге сатқан жағдайдан артық болуы ықтимал. Бірақ мұндайда тек өнімділікке ұмтылу — тығырық жол.

Шешім: әртараптандыру

Мен бұл «дилемманың» шешімі — әртараптандыру деп ойлаймын.

Қазіргі таңда Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі диқандарды тек астық дақылдарына ғана назар аудармай, өз өндірісін майлы және бұршақ дақылдарын өсіру арқылы әртараптандыруға ынталандыруда. Бұл егістік айналымын жақсартып, топырақты қорғап, баға тәуекелдерін азайтады. 2023/24 және 2024/25 жылдардағы күрделі маусымдардан кейін көптеген фермерлер өз стратегиясын өзгертті. 2025/26 жылғы науқанда майлы және бұршақты дақылдардың егіс көлемі айтарлықтай артты. Бұл — дұрыс әрі болашағы зор қадам.

Экспорт географиясын кеңейту де маңызды. Биылғы маусымда субсидиялардың арқасында Қазақстан алғаш рет Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африкаға бидай жөнелте бастады. Болашағы зор бағыттардың бірі — Қытай: жаңа шекаралық бекеттің ашылуы сауда көлемін біршама арттыра алады. Қазірдің өзінде Қытайдағы сұраныс айтарлықтай өсіп келеді.

Алайда әңгіме тек шикізат экспорты туралы ғана емес, қайта өңдеу саласын да дамыту керек. Бүгінде май экстракциялау зауыттарының жүктемесі 40%-дан аспайды, ал күнбағыс тұқымын экспорттау бажы 20%-ды құрайды. Ішкі өңдеуді ұлғайту ел ішінде көбірек шикізат тұтынуға және сыртқы күйзелістерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Тепе-теңдікті сақтау

Қазақстан агросекторының болашағы өндіріс, сұраныс және мемлекеттік қолдау арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тікелей байланысты. Ол үшін Қазақстанға мыналар қажет:

  • рекордтық көрсеткіштерге емес, пайдаға бағытталған өнімділікті арттыру;
  • майлы және бұршақ дақылдарды енгізу арқылы тиімді егістік айналымын жолға қою;
  • дәстүрлі серіктестерді сақтай отырып, экспорт нарығын кеңейту;
  • көлік инфрақұрылымын, әсіресе, Қытай шекарасындағы логистиканы дамыту;
  • жыл сайын өзгеретін конъюнктураға бейімделетін субсидия мен мониторинг жүйесін жетілдіру.

Негізі, Қазақстанның ауыл шаруашылығы қашаннан тәуекел жағдайында дамыды. Бірақ мемлекет тарапынан белсенді қолдау мен фермерлердің және экспорттаушылардың күш-жігері арқасында біз бұл сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге айналдырып, бұдан да әділеттірек әрі тұрақты нарық құра аламыз деп есептеймін.

Поделиться:

Смотрите также:

Объём вложений иностранных инвесторов в госдолг РК снизился
4 года назад
Объём вложений иностранных инвесторов в госдолг РК снизился ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 13 января 2022 Выход нерезидентов из госдолга повлиял на курс нацвалюты ...
Опасения трейдеров по распространению штамма «омикрон» снижаются
4 года назад
Опасения трейдеров по распространению штамма «омикрон» снижаются ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 09 декабря 2021 Кроме того, нефтяные котировки сохраняют восходящий тренд на ...
Цены на нефть растут несмотря на решение ОПЕК+ об увеличении добычи сырья
4 года назад
Цены на нефть растут несмотря на решение ОПЕК+ об увеличении добычи сырья ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 06 июня 2022 Основными драйверами роста черного золота являются ожид...
МВФ ухудшил прогноз роста экономики Казахстана на 2026 год
9 месяцев назад
Международный валютный фонд (МВФ) понизил свой прогноз темпов роста ВВП Казахстана в 2026 году на 0,4 процентных пункта — до 4,4%. Об этом говорится в докладе фонда о перспективах развития ...
Сколько валюты планирует продать Нацбанк из Нацфонда в феврале
9 месяцев назад
Национальный банк в феврале планирует продать из Нацфонда от $350 млн до $450 млн для обеспечения трансфертов в республиканский бюджет по заявкам правительства. Об этом сообщил регулят...
31 млрд тенге выделило правительство РК на закупку зерна у фермеров
2 года назад
Правительство РК выделило «Продкорпорации» 31 млрд 375 млн тенге для прямой закупки 350 тыс. тонн пшеницы 4 и 5 классов и неклассной пшеницы у казахстанских аграриев. Об этом сообщила пресс-служба премьер-министра РК. К настоящему моменту уборка зерн...
Как приложение для изучения языков Duolingo покорило фондовый рынок в 2023 году
2 года назад
Акции компании Duolingo (DUOL) в этом году выросли на 230% благодаря стремительному росту выручки, который ускорился с началом пандемии и не прекращается до сих пор. С момента выхода на биржу Nasdaq в июле 2021 года и представления финансовых отчетов...
Экономические болезни Казахстана и их лечение: итоги круглого стола Parasat Business Club
1 год назад
7 февраля 2025 года Parasat Business Club провел круглый стол, в рамках которого резиденты вместе с приглашенными экспертами Нацбанка и ведущими мировыми экономистами обсудили ключевые вызовы казахстанской экономики. Поводом для ...
➤