Войти

2024 жылы базалық мөлшерлеме әлі де төмендей ме?

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы отандық қаржы нарығындағы сарапшылардың арасында жүргізілген кезекті сауалнама қорытындысын жария етті. Бұл жолы олар 2023 жылдың желтоқсан айындағы кейбір көрсеткіштерге қатысты пікірлерін ортаға салған.

Зерттеу барысында қаржы нарығындағы кәсіби ойыншылардың Brent маркасындағы мұнайдың бағасы мен АҚШ долларының қазақ теңгесіне және ресейлік рубльге қатысты бағамдары туралы, инфляция және ЖІӨ көрсеткіштері мен ҚР Ұлттық Банкінің базалық бөлшерлемесі бойынша болжамдары есепке алынған.

Түйіндеме Мұнай бағасындағы құбылмалық пен жаңа жыл қарсаңындағы шетел валютасына деген сұраныстың өсу ықтималдығын, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын айырбастау көлемінің төмендеуін (желтоқсанда 600–700 млн АҚШ доллары, ал қарашада 1,3 млрд АҚШ доллары болатын ) есепке алған қаржы нарығындағы сарапшылар, биыл желтоқсан айында ұлттық валютаның бағамы ептеп әлсірейді деп отыр: 1,8%-ға немесе 8,4 теңгеге дейін (ағымдағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары 459,81 теңге төңірегінде).

Есесіне сарапшылардың теңгеге қатысты ұзақ мерзімді болжамдары жақсара түскен – олар бір жылдан кейін USD/KZT жұбы бойынша 1 АҚШ долларының бағамы 489,6 теңгені құрайды деп есептейді, ал бір ай бұрынғы болжам – 492,4 теңге шамасында болатын. Бұл Ұлттық қордан 2024 жылға арналған қомақты трансферттер көлемінің бекітілуіне байланысты болуы да мүмкін (кепілдік берілген көлем – 2 трлн теңге, мақсатты – 1,6 трлн теңге).

Ал сарапшылардың мұнай бағасына қатысты болжамдары ептеп өзгерген: бір баррельге 86,4 АҚШ долларынан келеді деп отыр, бір ай бұрын – 88,6 АҚШ доллары деп болжаған-тын. Олардың пайымынша, ОПЕК+ елдерінің мұнай нарығын тұрақтандыру тұрғысындағы әрекеттеріне қарамастан, 2024 жылы әлемдік шикізат нарығында профицит байқалуы мүмкін, дейді отаныдқ сарапшылар, мұнайдың негізгі тұтынушылары болып табылатын АҚШ, ҚХР, Еуроодақ елдеріндегі экономикалық жағдайды есепке алып.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан мұнай өндіру ауқымын қысқарту (2024 жылдың І тоқсанында тәулігіне 78 мың баррельден 160 мың баррельге дейін) және жаһандық нарықтарда мұнайдың әлемдік бағасының арзандау мүмкіндігі – Қазақстан экономикасына кері әсер етуі ықтимал: сауалнамаға қатысқан сарапшылар 2024 жылы ЖІӨ 4,0%-ға ғана ұлғаяды деп күтеді, ал елдің 2024–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында ЖІӨ 5,0% деңгейінде өседі деп бекітілген.

Инфляция екпінінің баяулауына жауап ретінде болса керек, сарапшылардың басым бөлігі (76%-ы) ақша-кредит саясатының 2024 жылғы алғашқы отырысында (19 қаңтарда) базалық мөлшерлеме кезекті мәрте төмендейді деген болжам айтады. Олардың 69%-ы базалық мөлшерлеме 25 базалық пунктке, яғни 15,5%-ға дейін төмендейді десе, үштен бірі 50 базалық пункте, яғни 15,25%-ға дейін төмендейді деп күтеді.

Ал ресейлік валюта бойынша қазақстандық сарапшылар: жыл бойында «рубльдің әлсіреуі байқалуы мүмкін» деген болжам айтады (бүгінгі деңгейге шаққанда 7,6% шамасында). Бұған ықпал етуші факторлардың арасында олар – наурыз айының ортасында экспортшылар тарапынан валюталық түсімдерді міндетті түрде сату туралы ереженің аяқталуын, мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мен санкциялардың күшеюуі салдарында сауда балансының нашарлау ықтималдығын мысал етеді.

ҚҚҚ талдау орталығы

Поделиться:

Смотрите также:

«Градус напряжения» на фондовом рынке США снизился
4 года назад
«Градус напряжения» на фондовом рынке США снизился ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 19 октября 2022 Сильная макростатистика и позитивная корпоративная отчетность улучшили наст...
Как побороть теневой рынок
2 года назад
Большинство людей, скорее всего, сталкивались с теневой экономикой. Во многих городах мира квартиры сдаются в аренду неофициально, без уплаты налогов. Продавцы часто просят оплатить товар мобильным переводом или наличными, чтобы скрыть доход от налог...
Алматы на первом месте по наполнению госбюджета. На втором - не Астана
2 года назад
По итогам восьми месяцев 2023 года поступления в местный бюджет РК достигли 8,6 трлн тенге — на 24,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Заметим: поступления в местный бюджет динамично растут из года в год. По итогам 2022 года поступлен...
Динара Кулибаева больше не является владелицей КБТУ
1 год назад
Казахстанско-Британский технический университет теперь принадлежит государству. Как сказано в выписке из депозитария финансовой отчетности Министерства финансов, с 27 февраля 2025 года  владельцем вуза считается Компани...
Акции Apple пользовались повышенным спросом на KASE Global
4 года назад
Акции Apple пользовались повышенным спросом на KASE Global ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 18 октября 2022 На минувшей неделе общий объём торгов иностранными акциями превысил...
Правительство РК пересмотрит вопрос с мобильными переводами
2 года назад
Во вторник, 13 февраля, состоялось первое заседание обновленного кабинета министров РК. Новый вице-премьер и глава Министерства национальной экономики Нурлан Байбазаров рассказал, как его ведомство планирует обеспечить рост ВВП Казахстана в 2024 году...
Цена на нефть доросла до рекордных отметок
4 года назад
Цена на нефть доросла до рекордных отметок ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 03 марта 2022 Стоимость барреля Brent превысила $116 долларов впервые с сентября 2013 года ...
Доллар подешевел на 10 тенге
4 года назад
Доллар подешевел на 10 тенге ГлавнаяФинансы/Маркетинг Биржа 29 марта 2022 Стали известны первые результаты валютных торгов на Казахстанской фондовой бирже ...
➤